Орнына біреуді қойса, тарихта қалады...

/uploads/thumbnail/20170708165405818_small.jpg
"Кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын сайлау" деген сөйлем негізі дұрыс емес. "Президенттің өкілеттігін ары қарай ұзарту", "Президент екендігін қайта нақтылау немесе растау" деп атау керек сияқты. Жә, оны қойшы.
Ақыры Ассамблеяның аузына сөз салған екен, болып қалар. Болған күнде кімнің Президент боларын алжыған бақсы да біліп отыр. Бірақ Нұрекең ғайыптан тайып, өзінің орнына біреуді қойып жатса, онда тарихта жақсы жағынан қалғысы келгені. Кешірімшіл халықпыз ғой. Ал өзінің өкілеттігін қайта ұзартса, жағдай қиын. О кісінің денсаулығына алаңдаймын. Аяқасты бірдеңе болып кетіп жатса, қоғамдағы кез келген қиындықты немесе бар пәлені со кісіге итере салып, өзара қырықпышақ болып кетуіміз де мүмкін. Кесірі бұқараға тиеді ғой. Айдос Жұқан

Қатысты Мақалалар