Павлодарда ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы бозбала ұсталды

/uploads/thumbnail/20180220141413362_small.jpg

Павлодарда «Весна» бағбаншылығының аумағында ер адам мен әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қолданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі @vpavlodare қауымдастығында жазды. Агенттіктің жолдаған ресми хатына берген жауабында облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі қазіргі таңда полиция адам өліміне қатысты істі тергеу жүргізіп жатқанын жазған.

Криминалдық полицияның қызметкері 17 жастағы күдіктіні ұстады.

- 2018 жылы 16-наурыз күні «Весна» бағбаншылығында 28 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел адамның денелері зорлық белгілермен табылған. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлімі, 1-тармақшасы бойынша тергеу жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті тұтқындалған, - деді департаментте.

Қатысты Мақалалар