Бүгін Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінің бастамасымен және облыс орталығына қарасты елдімекендердегі жамағаттардың ұйытқы болуының арқасында «Жетісу жәрдемі» атты қайрымдылық керуені Аягөз ауданына аттанды. Жетісу жұртшылығы судан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысына 16 тоннаға жуық азық-түлік және киім кешек сынды тұрмысқа керекті заттарды жіберді.
Апат айтып келмейді. Көктем уақытында күн жылынып, қардың еруіне байланысты ШҚО-ғы Аягөз ауданын су басып, әп сәтте халықтың берекесін қашырды. Бүгінде тосыннан келген апаттан абдырап қалған халықтың жағдайы мүшкіл десек артық айтпағанымыз. Осыны ескерген Жетісу жамағаты бір кісідей атсалысып, қайрымдылық керуенін аттандырып отыр.
Алматы облысының тұрғындары Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 16 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтті.
«Біз Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі бастаманы әуелден-ақ бастаған едік. Соның арқасында «Жетісу жәрдемі» акциясына облыстың көптеген тұрғындары үлестерін қосты. Азық-түлік пен киім-кешек, бірінші кезекте қажетті дүниелер, құрылыс материалдары жиналды. Мысалы дүкендердің бірі 500 мың теңгеден астам тауар жинап берді»,-деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілі Ардақ Нүсіпханұлы.
Ардақ Нүсіпханұлының сөзіне сүйенсек, аяқ киім сататын бір саудагердің өзі 30-40 данаға дейін су жаңа аяқ киімдерін әкеліп берген. Сондай-ақ, жиналған заттардың ішінен құрылыс материалдарын да кезіктіруге болады. Мәселен, бір құрылыс дүкенінің иесі құны 547 мың теңге тұратын жерге төселетін линолеумын қайырымдылық керуеніне қосып отыр.
«Аягөз ауданын су басқан сәтте бізге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан шұғыл хат келді. Онда судан зардап шеккендерге көмек қолын созу керектігі айтылған. Сол кезден бастап барлық әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялап, дереу іске кірісіп кеттік. Біз осы кезде халықтың ықыласына таң қалдық. Кейбір адамдар қол ұшын созу мақсатында үстіндегі кимін шешіп бергендері де болды», — деп қоса айтып өтті Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Оразбаев.
Облыс тұрғындары барлығы 16 тоннадан астам азық жинап, 3 миллиоаннан астам теңгеге қайырымдылық жасады.
Жалпы, бүгін Талдықорған өңірінен 10 тоннаға жуық, ал, Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарынан қосымша тағы 6 тонна заттай көмек қосылып, жолға шықты. Өкіл имам «Жетісу жәрдеміне» қаржылай көмектескендердің де қатары көп екенін айтады. Көп түкірсе көл болады демекші, қайырымдылық шарасында 3 милион теңгенің үстінде қаржы жиналған. «Біз осы істі қолға алған сәтте ниет танытып, тамшыдай болса да өз үлестерін қосу мақсатында 200-400 теңге әкеліп берген азаматтар да болды. Яғни, әркім жағдайына қарай көмектерін беріп жатты. Қарияларымыз зейнетақыларынан 5000 теңгесін сындырып, үлестерін қосып жатыр. Осы ағайындарға Алла разы болсын!», — дейді А.Оразбаев.
«Жиналған қаржыға біз Аягөзде су тасқынынан ең көп зардап шеккен отбасына шағын да болса баспана алып беру қажет деп шештік. Бұған қоса, Аягөзде 350 адамға арналып, қайырымдылық ас беріледі»,-деп қосты А.Нүсіпханұлы.
Мешіт жамағаты осы қаражатқа Аягөз ауданындағы тұрмыс төмен бір отбасына үй алып беруді көздеп отыр. Айтуларынша, generique cialis ол жақтағы орташа бағадағы үйдің құны үш немесе үш жарым миллион теңгенің төңірегінде екен.
«Діни басқармамыз бұл қайрымдылық керуенін жіберуді ШҚО-на жақын орналасқан өңірлерге тапсырған болатын. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана мен Алматы қаласы ешқандай тапсырма алмастан өздері ниет танытып, олар да керуендерін аттандырып отыр. Қайрымдылық көрсету — біздің қанымызда бар қасиет. Оны берген адамда да, алған адам да қуанады», — дейді өкіл имам.
Байкен Садауақасов, Талдықорған қаласының тұрғыны, мешіт жамағаты:
— Міне, Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ ұстазымыз бастап, ол кісіні барлық мешіт жамағаты бірауыздан қолдап судан зардап шеккен ағайындарға қолдан келгенше қөмек қолын созып жатыр. Ниет танытқан барлық бауырларымызға Алла разы болсын. Апат айтып келмейді. Бұл да бір Алланың бізге жіберген сынағы деп білеміз. Тек, соған сабыр қалып, мойынсына білуіміз керек. Осындай қиын қыстау кезеңде бір-бірімізге тіреу болып, көмектесіп жатсақ — қазақтығымыздың, мұсылмандығымыздың нышаны деп білемін.
Ардақ Нүсіпханұлы осы шараға бір кісідей атсалысқан барлық мешіт жамағатына және хабарландыруды жарнамалап, елге жеткізіп отырған БАҚ өкілдеріне, блогерлерге шынайы алғысын білдірді.
Пікір қалдыру