Алматы облысында бүлдіршіндердің тұсауы кесілді

/uploads/thumbnail/20180324013755313_small.jpg

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысының Мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен М.Тынышпаев атындағы   облыстық тарихи-өлкетану музейінде  «Қауышу» мерекесі  ұйымдастырылды.

М.Тынышпаев атындағы  тарихи-өлкетану музейі, Көркемсурет галереясы және Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі облыстық орталығының бірлескен шарасы Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып, татулық пен тұрақтылықты, бауырмалдық пен қамқорлықты паш етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл  мереке  халқымыздың көне салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қайта жаңғырту, түлету болып отыр. Қауышу дәстүрінің халық арасында кең таралып, насихатталуын мақсат тұтқан облыстық мәдениет мекемелері осы мерекелік іс-шара аясында қазақ халқының  салт-дәстүрін көрсетті.

 Шара барысында үлкендер ақ  бата берді. Облыстық мамандандырылған балалар үйінде  тәрбиеленуші  екі ұл және бір қыз баланың тұсауы кесілді.

Мерекеге орай «Әр замандағы түрлі халықтардың ыдыстары» атты көрмесінің ашылды. Сондай-ақ облыстық Көркемсурет галереясы қорынан әкелінген  сурет жауһарлары да көрме ажарын  толықтырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар