Алматы облысында қалалық «Мағжан оқулары» болып өтті

/uploads/thumbnail/20180327201948299_small.jpg

Алматы облысы Талдықорған қаласында білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Мағжан оқулары» болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш шара Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Бұл байқау биыл  VI рет ұйымдастырылып отыр, оған білім ошақтарынан іріктелген 62 талант иелері қатысты.

Жылдағы дәстүр бойынша қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес мектебімізде қалалық "Мағжан оқулары" үш бағытта өтті.

1 «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін байқау басталғанға дейін ұсынды.

2 «Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс. (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары)

3 «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы. (өз шығармаларын орындау). Қосымша берілген тақырыпқа 4 жол өлең жолдарын жазу. (Қатысушы өз шығармаларының жинағын алдын ала тапсырды).

Ақынның 125 жылдығына арналған байқау Елбасының халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында өтіп отыр.

Ұйымдастырушылардың  айтуынша,  заманының заңғар ақыны Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттап, олардың азаматтық ұстанымы мен ұлттық санасының қалыптасуына ықпал ету-басты мақсат етіп отыр.

Елін сүйген Мағжан ақынның 125 жылдығына арналған VІ қалалық «Мағжан оқуының» мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР ның «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында, жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой санасының қалыптасуына ықпал ету.

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің гуманитарлық факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары мен ақын, өнер иелері байқауға қатысушылардың өнер-білімдерін бағалады.

 

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болғандардың тізімі мынадай болды:

Байқаудың нәитижесі бойынша мынандай қорытынды шығарылды:

«Өлең менің Шолпаным,Айым,Күнім» бағыты бойынша жеңімпаздар:
І орын- Еркінбекқызы Айым, 11-сынып, №19 ОМГ;
ІІ орын- Күмісбекова Тоғжан - 10-сынып, №13 ОМГ;
ІІ орын- Қожахметова Жұлдыз, 9-сынып,№26 ОМГ;
ІІ орын -Алыбаева Жанель, 9-сынып, №11 ОМГ;
ІІІ орын- Тұрсынәлі Гүлдеш, 8-сынып, №4 ОМГ;
ІІІ оорын- Қызайбек Ақерке, 6-сынып, №5 ОМГ;
ІІІ орын- Төлеуғазина Айгүл, 7-сынып, №18 ОМЛ;
ІІІ орын -Бейсенбай Назерке, 5-сынып, №17 ОМГ;
Мадақтама- Оқасова Айгерім, 7-сынып, №22 ОМГ;
Мадақтама- Сайын Фариза, 6-сынып, №12 ОМГ

«Толқынмен толқын сырласып...» бағыты бойынша жеңімпаздар: :
І орын- Қайсар Айзада, 9-сынып, №17 ОМГ;
ІІ орын- Нұрбақыт Зере, 8-сынып, № 4 ОМг;
ІІ орын - Мейрамбек Медеу, 10-сынып, №18 ОМЛ;
ІІІ орын- Жанатұлы Ақтөре, 9-сынып, №19 ОМГ;
ІІІ орын- Балтабек Арлан,10- сынып, №21 ОМГ;
ІІІ орын- Омарбекова Аружан; 9-сынып, №22 ОМГ;
ІІІ орын-Жаркенова Әнел, Ағали Еділ, 10-сынып, №7 ОМГ;
Мадақтама - Әбдімажанова Ботаагөз, 9- сынып, №10 ОМГ;
мадақтама- Мұратхан Әйгерім, 9-сынып, №25 ОМГ;

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытының жеімпаздары:
І орын- Мұхитқызы Арайлым №15 ОМГ;
ІІ орын- Иманбетова Ақпейіл, №9 ОМГ;
ІІ орын- Тұрарбек Жайна, № 25 ОМГ;
ІІ орын- Шаяхмет Шырын, №7 ОМГ,
ІІІ орын- Иса Жігер, №21 ОМГ;
ІІІ орын- Құттыбай Әділ №22 ОМГ;
ІІІ орын- дауылбаев Рахат, №26 ОМГ;
Мадақтама- жанатбек Ерзат , №19 ОМГ;
мадақтама- Асқар Абылай, №4 ОМГ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар