Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз шығыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман,көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай күтілуде.
Алматыда ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасынмен соққан жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, найзағай күтіледі, түнде желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Павлодар облысында желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с күшеіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз екпіні 23-28 м/с болуы күтіледі. Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қостанай облысының кей жерлерінде жел жаяу бұрқасынмен күтілуде. Түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшееді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ, күндіз екпінді жел күтіледі. Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Пікір қалдыру