Оралда жастарды қолдауға арналған 4 бірдей жаңа жоба жүзеге асатын болды деп хабарлайды 24.kz. Олардың қатарында ауыл кітапханаларын қажетті әдебиеттермен толықтыру, жастарды пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету, тегін ағылшын тілін үйрету және бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру мақсатында «Бойжеткен» қыздар клубын құру секілді жобалар бар. Қазіргі таңда өңірде 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 140 мыңның үстінде. Солардың 71 мыңнан астамы ауылда тұрады. Жоғары оқу орындарында 30 мыңдай, ал арнаулы орта оқу орындарында 19 мың студент білім алып жатыр. Жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын 89 қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Bastau коворкинг орталығында жастармен кездескен облыс әкімі әлеуметтік бастама аясында өңірде студент жастарды жатақханамен және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсібін ашуға мүмкіндік жасау жұмыстары қолға алынады. Ал өңірдегі екі мемлекеттік университетте 3 мың 300 студент грант негізінде білім алып жатыр.
Пікір қалдыру