Кеше, 23 наурызда Ауғанстанның Лашкаргах қаласында жарылыс болып, 15 адам қаза тапты. Тағы 50-ден астамы жарақат алды деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Полицияның мәлімдеуінше, шабуылды жанкешті қаладағы стадионның қасында жүзеге асырған. Әзірге терактіні ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ.
Айта кетейік, наурыздың 21-і күні Ауғанстан астанасы Кабулдағы теракт кезінде 30-ға жуық адам көз жұмды. Онда беліне бомба байлаған лаңкес мейрамды тойлап жатқан адамдардың арасына кіріп, өзін жарып жіберген болатын.
Пікір қалдыру