Қарағандыда жоғалған анестезиолог дәрігер Денис Ромашков табылды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімшесінде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Із-түзсіз жоғалған Денис Ромашковты бүгін Михайловск полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тапты. Оның жағдайы жақсы, аман-есен табылды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 41 жастағы анестезиолог дәрігер Денис Ромашковтың 18 наурыздан бері іздестіріліп жатқан болатын. Ол өзінің үй ауласынан қомақты ақшамен жоғалып кеткен.
Пікір қалдыру