«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалында 11887 адам бар

/uploads/thumbnail/20180328093839066_small.jpg

«Нұр Отан» партиясының  Талдықорған қалалық  филиалы жұмысына көз жүгірткен адам ондағы  өткізіліп жатқан шараларға шын ризалық сезімін білдіреді. Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан саяси-әлеуметтік жұмыстардың қай-қайсысының болмасын басы - қасында жүру партияның еншісінде. Талдықорған қалалық  партия  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсия Ахметова бізге  өткен жылғы атқарылған жұмыстармен ой бөлісn3.

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы 28 бастауыш  партия ұйымында 11887 мүшенің басын біріктіріп отыр. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі жастар 1923 болса, 8411-і  әйелдерден құралған. Осыған қарап қоғамдағы әйел адамдардың  белсенділігін көруге болады.

Талдықорған қалалық мәслихатында «Нұр Отан» депутаттық фракциясының «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы және бақылау бойынша 5 комиссия құрылған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы  бойынша комиссия құрамында  35 мүше бар. Талдықорған қаласында «Нұрлы Жер» мемлекеттік  бағдарламасы аясында бөлінген қаржының тиімді орындалуы жіті бақылауда. Құрылыс нысандарына ай сайын рейд жұмыстарын жүргізіп отырады. «Нұрлы Жол» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша- 28   рейдтік шаралар жүргізілді.

Әсия Турсынқызының айтуынша, Елбасы Н.Назарбаевтың  халыққа  арнаған Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың жүзеге асырылуын білу мақсатында бастауыш партия ұйымдарында жиналыс, басқосулар , сондай-ақ, 230 партиялық топта осындай шаралар өтті. Ондағы  билік тармақтарына өзгеріс енгізу бойынша бес ұсыныс облыстық партия филиалына жолданыпты.

Мемлекеттік «Нұрлы  жер», «2017-2021 жылдарға арналған  Нәтижелі  жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және  «2017-2021 жылдарға арналаған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламалары бойынша ақпараттық-насихат тобы мүшелерімен талқыланған.

     Партияның «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел -өркендеуші ел», «Кедергісіз келешек»,  «Жастар Отанға», «Сәтті қадам», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту»  және де бір бағыты «Ұлы дала қазынасы» жобасы  аясында сүбелі  жұмыстар атқарылды.  Бұл шараларға 68 мыңнан астам адам қатысып, 320 іс-шара  ұйымдастырылды.

«Ардагерлерді ардақтайық»  жобасы бойынша Жеңіс күні мерекесіне орай «Ерлікке тағзым» атты әр партиялық топтарда  тақырыптық  шаралар өткізу, ардагерлерді құтттықтау  дәстүрге айналған.

 «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында отбасы жағдайы төмен балаларға арналған қайырымдылық шараларды топтастырады.

Бастауыш партия ұйымдарында 100% материалдық-техникалық базамен, бөлмемен қамтылған. Ағымдағы жылы «Жарық» бастауыш партия ұйымы «Үздік» бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық іріктеу кезеңінде 1 орын алса, республикалық байқаудан – жүлделі орын алды.

Талдықорған қалалық филиалы «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауының облыстық іріктеу кезеңінен 1 орын, республикадан жүлделі орын алды.

Партиялық бақылау және талдау тобы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша бақылау-мониторингтік шараларды ұйымдастыруда. «Өңірлерді дамыту», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Тұрғын-үй саласын жаңғырту» сынды маңызды бағдарламалар бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар жолданды.

Өткен жылдың тағы бір көңілге қуаныш ұялатар маңызды жаңалығы- Астана қаласында өткен республикалық партия байқауында   «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» аталымында-  Талдықорған қалалық  партия филиалы жүлделі  3- орынды қанжығалап қайтты.

2016 жылдың 11 айында партия жобалары аясында барлығы 252 іс-шара ұйымдастырылса, ағымдағы жылғы мерзімде 267 шара ұйымдастырылды. Партия жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау барысы да оң жолға қойылған. Телеарна, газет, сайт, әлеуметтік желілерде 2016 жылы 267 жарияланым шықса, ағымдағы жылы 490 ақпарат жарияланды.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасының «Қарттарым аман-саумысың» сауалнама өткізу аясында ардагерлер, тыл еңбеккерлерінің мәселелері анықталып, олардың ішінде 14 ардагерге санаторлық-шипажайлық жолдама берілді. 30 ардагерге 180 000 тг көлемінде дәрі-дәрмек берілді. 23 ардагер, тыл еңбеккеріне медициналық әлеуметтік қызметкер үй жайында медициналық көмек беру тағайындалды.

Қатысты Мақалалар