Алматыда жер сілкінді

/uploads/thumbnail/20171125102012104_small.jpg

Алматыда бүгін кешкі сағат 18.54-те жерасты дүмпулері байқалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

EMSC Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 68 шақырым солтүстік-шығыста, Қапшағайдан 24 шақырым оңтүстік-шығыста болған. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 8 мың метр. Магнитудасы – 4,7 балл.

Ал ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының дерегіне сенсек, зілзала магнитудасы 5,5 болған.

Қатысты Мақалалар