Әжетханаға түсіп кеткен телефонды аламын деген үш адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20171130081934172_small.png

Өзбекстанның Наманган облысында әжетханаға түсіп кеткен iPhone-ды алып шықпақ болған үш адам уланып өлді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан  сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

Оқиға жексенбі күні, 25 наурызда болған. Сағат 22:00-де жергілікті тұрғын Рахматов үйінің ауласындағы әжетханаға ұялы телефонын түсіріп алған.  

Ол телефонды алып шығу үшін көршісі Ниязовты шақырып келген, Рахматов оның көмегімен шұңқырға түсіп, сол жерде есінен танып қалған. Көршісі жолдасына көмектесу үшін соңынан түседі, ол да улы газдан есінен танып қалған. Ес-түссіз жатқан жігіттерді құтқаруға Рахматовтың әкесі келген, ол да газдан уланған.    

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері шұңқырдан үш адамды шығарады. Ниязов пен Рахматов сол жерде көз жұмған, ал трагедияға кінәлінің әкесі ауруханаға жеткізілген.  

Өкінішке қарай, Рахматов ауруханада есін жимастан қаза болды. 

Қатысты Мақалалар