27 наурыз күні БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Д.Төсекбаев қатысып, өзі басқаратын ведомствоның өткен жылғы жұмысының қорытындыларын жария етті және биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Спикердің айтуынша, елімізде 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының екінші жылы іске асырылып жатыр. Мемлекеттік бағдарламаның облысымыздағы негізгі көрсеткіштері төмендегіше: 1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлім-жітім көрсеткіші 5,1%-ға төмендеді және 8,41 құрады (2016 ж.- 8,87); нәресте өлім-жітімі көрсеткіші 1000 тірі туылғанға шаққанда 14,1%-ға төмендеді және 7,0 құрады (2016 ж.- 8,15); туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3,7%-ға төмендеді және 2,6 құрады (2016 ж.- 2,7); қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 4,7%-ға төмендеді және 93 құрады (2016 ж.-97,61); жарақаттардан, жазатайым жағдайлардан және уланулардан өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 6,9%-ға төмендеді және 82,43 құрады (2016 ж.-83,38).
Облыста қан айналымы, қант диабеті, глаукома секілді т.б. 9 дерт түрлерін және қатерлі ісіктің 6 түрін ерте анықтау мақсатында скринингтік медициналық тексерулер өткізу жоспарлы жолға қойылған. 2017 жыл ішінде жалпы саны 128 мың адам скринингтен, соның ішінде 95 мыңнан аса адам қатерлі ісікке қарсы скринингтен өтуі тиіс болды. Облыстың медициналық ұйымдары 364 кәсіпорынмен дерттің алдын алу бойынша тексеру өткізуге келісімшарт жасады.
- Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру және онлайн режимінде жұмыс істеуі үшін 2017 жылдың 1 тамызынан бастап - «Автоматтандырылған жедел жәрдемнің диспетчерлік қызметі» («АДИС») бағдарламасы орнатылды. Қалалық жедел жәрдем стансасында ситуациялық орталық ашылды. Енді диспетчерлік қызметтің экранына әрбір «Жедел жәрдем» көлігінің жүріс-тұрысы статусымен шығып тұрады.
- Жаңартылған «АДИС» жүйесінің соңғы 2 айдағы көрсеткішін басқа айлармен салыстырғанда бірқатар оң нәтижелер бергені анық көрінеді. Мәселен, диспетчерлік қызметке келіп түскен шақыртуды өңдеудің уақыты 5 минуттан 2-3 минутқа дейін кеміді, науқасқа жетудің орташа уақыты 11,2 минуттан 9,72 минутқа дейін, жол-көлік апаты орнына жету уақыты 5,52 минуттан 4,5 минутқа дейін қысқарды.
- Облыс халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 9,26 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде амбулаторлық дәрі – дәрмекпен қамтуға – 4,153 млрд. теңге, вакцина алуға – 1,054 теңге, стационарлық жәрдемге – 4,056 млрд. теңге). Оған қосымша тұрғындарды амублаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 170 млн. теңге және 2018 жылдың 2 айына (қаңтар-ақпан), яғни Бірыңғай тегін дәрі-дәрмек дистрибьюторының жеткізуіне дейін 130 млн. 566 мың теңге бөлінді.
- Облыста жалпы саны 9 медицина ғылымдарының кандидаты бар. Облыста жоғары білімді дәрігер мамандарға сұраныс 2018 жылдың басына 207 маманды құрады (қалалық медицина ұйымдарында – 154, ауылдық жерлерде - 53). Негізінен жетіспейтін мамандар: жалпы практика дәрігері – 51, акушерия, гинекология – 25, анестезиология және реаниматология – 19, кардиология – 10.
- 2017 жылы Денсаулық сақтаусаласындағы кадрлық ресурстарды басқарудың өңірлік саясаты бекітілді, кадрларға қатысты облыстағы ағымдағы жағдай талданды, негізгі міндеттер, мақсаттар және оларды жүзеге асырудың басты тетіктері анықталды.
- Бюджет қаржысы есебінен 24 студентті медициналық жоғары оқу орындарында оқыту үшін бюджеттен арнайы қаржы бөлінді (М.Оспанов атындағы БҚММУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ).
2017 жылы өңірімізге 86 жас дәрігер маман келіп, оның 44-ы аудандарға жұмысқа орналастырылды, 19 маманға тұрғын үй, көтерме жәрдемақы және жеңілдікпен несие беру секілді әлеуметтік қолдаулар жасалды (2016 жылы - 97, 2015 жылы – 87 маман).
Сондай-ақ, 2017 жылдың қазан айында оқу-клиникалық орталығы (ОКО) ашылды. Оның мақсаты: медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби білім-білігін көтеру, соның нәтижесінде халыққа көрсетілетін медициналық жәрдемнің сапасын арттыру мақсатында арнайы оқыту.
Медицина ұйымдарында пациенттің электронды төлқұжатын жасау жұмысы басталуда. Оны 2018 жылы жүзеге асыратын пилоттық мекемелер ретінде облыстық клиникалық аурухана және №3 қалалық емхана таңдап алынды.
2016 жылы 1064 дана (152,3 млн. теңге), 2017 жылы 947 дана компьютерлік техника сатып алынды. Ол жергілікті бюджет қаржысы есебінен (162,5 млн. теңге) және медицина ұйымдарының өз қаражаты есебінен жүргізілді. Сөйтіп, техникамен жарақтандыру деңгейі 100 пайызға жетті.
БҚО денсаулық сақтау басқармасымен мемлекеттік-жеке әріптестікті (МЖӘ) дамыту мақсатында екі жобаны жүзеге асыру үшін келісімшарттар әзірленуде. Олар: «Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында ауысымына 35 адамды қабылдауға арналған дәрігерлік амбулаторияны салу және пайдалану»; «Облыстық клиникалық ауруханаға магниттік-резонанстық томографты лизингке алу» жобалары.
- Әлеуметтік маңызы зор «Облыстық клиникалық ауруханаға магниттік-резонанстық томографты (МРТ) лизингке алу» жобасы бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталды (ДАЛ Казахстан ЖШС, Алматы қаласы). Енді келісімшартқа қол қою көзделуде. МРТ көмегімен ерекше қиын дерттерді уақытында анықтап, емдеуге жол ашылады.
- Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында ауысымына 35 адамды қабылдауға арналған дәрігерлік амбулаторияны салу және пайдалану» жобасы бойынша да жеңімпаз белгілі болды (Лайгэ ЖШС, Орал қаласы) және инвестормен шартқа қол қойылу күтілуде. Аталған ауылдың әлеуметтік-экономикалық ескере отырып, бұл жоба халықтың денсаулығын одан әрі жақсартуға, соның ішінде скринингтер өткізуге көп көмегін тигізеді деген сенім мол.
Облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға орай 2018 жылға арналған жоба-жоспарлар:
- «Денсаулық» бағдарламасының жоспарланған көрсеткіштеріне жету;
- Ақжайық ауданында инсульт орталығын ашу;
- оқу-клиникалық орталығы (ОКО) базасында ҚазҰМУ, AlmaUniversity филиалдарын ашу;
- қағазсыз аурухана - 100%;
- МЖӘ келісімшарттарын жүзеге асыру;
- бақылау кеңестерінде корпоративтік менеджмент енгізу;
- 15 нысанды күрделі жөндеу.
-бірыңғай мобильді қосымша жасақтау.