Ымырт үйірілген кезден бастап студенттер қалашығындағы жастар көшеге шығуға қорқатын. Себебі жарты жыл ішінде бұл жерде зорланып, өлтірілген 3 қыздың мәйіті табылған.
Бұл кеңес одағы ыдырап жатқан кез еді. Республикадағы ірі университеттердің бірінде әйелдер мен қыздар арасында, студенттер арасында қорқыныш пайда болды.
Барлығы бір ауыздан қалашықта пайда болған «маньяк» туралы айта бастады.
Бірінші құрбанның мәйітін кішкентай балалар университетке көршілес көпқабатты үйлердің бірінен көріп қалған. Бауыздалған қызды көрген алты жастағы бала біраз уақытқа дейін сөйлей алмай қалыпты. Жас қыз зорланып, сөмкесі тоналған. Бастапқыда полиция қандай да бір «маньяктың» пайда болғаны туралы ойламаған да.
Қыздың мәйітініе сараптама жасай келе, қылмыскердің қанының тобын анықтау мүмкін болған. Қаны екінші топқа жататынын білген соң, полиция осы белгі бойынша бұрын-соңды жауапқа тартылғандарды тексереді. Алайда ол нәтиже бермейді.
Бір ай өткен соң Алматының ІІБ қызметкерлері ІІМ-нен көмек сұрайды. Себебі тағы бір қыз із-түссіз жоғалады.
Жатақханаға кешке қарай келемін деген қыз із-түссіз жоғалып кеткен. ҚазҰУ төңірегін шарлаған полиция ештеңе таппай құр қол қайтады. Дәл осы кезде полиция бұл қылмыстарға «маньяк», қанішердің қатысы бар екенін түсінеді.
Қанішердің кім екенін анықтау, бұл істегі ең қиын әрі ұзаққа созылған процесс болады. Полиция университет ректоратынан бұрынғы студенттер мен оқудан шығарылғандардың тізімін қарап, зерттейді. Университет оқытушылары мен қызметкерлеріне дейін күдікке ілінеді. Полиция 7000-ға жуық медициналық карталарды тексеріп шыққан.
Басты белгілі нәрсе – қылмыскердің университет маңайында тұратындығы және оның автокөлігі жоқ екендігі болды.
Тіпті, полиция мынадай қитұрқы әрекетке барған. Бес әйел полицейлерді ашық киіндіріп, бетін әрлеп университет маңайында «қыдырып» келуді тапсырған. Осы тәсіл арқылы қылмыскерді ұстамақшы болған. Алайда қылмыскер бұл кезде де ұсталмайды.
Бір күні полиция тағы бір құрбанның мәйітін оқиға орынында тексеріп жатқан кезде қызметкерлерге қарап тұрған бір ер адамды байқайды. Ол бұрын зорлау бойынша сотталған ер адам болып шығады. Алайда оның қан тобы қылмыскердің қан тобымен сәйкес келмегендіктен, полиция оны күдікті ретінде қарастыра алмайды.
Кейін белгілі болғандай, қылмыскер Сергей Манжиков есімді ер адам болған. Бірнеше күн өткен соң С.Манжиков полицияны өзінің тұрғылықты жеріне шақырып, бір жағымсыз иістің мазалайтынын айтады. Оның үйіне келіп жеткен құқық қорғау қызметкерлері тұрғын үйден ешқандай иістің шықпайтынын анықтап, Манжиковтың ақыл-есі кем деген ойға келеді.
Осы уақыт аралығында тағы бір қылмыс болады. Әдеттегідей, тағы бір қыз зорланып, өлтірілген. Бірақ ешқандай айғақ табылмайды.
Сөйтіп жүргенде полицияға бір жұп хабарласады. Олардың айтуынша, белгісіз ер адам екеуіне шабуыл жасаған. Кездесуге кешігіп келген жігіт өзінің құрбысына белгісіз ер адамның тиісіп жатқанын көрген. Арада төбелес орнап, күдікті жігітті пышақтап, қашып кеткен. Зәбір көрген қыз өзіне шабуылдаған ер адамды суреттеп бергенде полиция оны бірден таниды. Қылмыскер – полицияның көз алдында жүрген Сергей Манжиков еді.
Оның мекен-жайын білген полиция бірден қылмыскерді үйінен ұстап алады. Бастапқыда өзінің кінәсін мойындамаған ол, тек қан тобы қылмыскердікімен сәйкес келетіндігі анықталған соң ғана барлық шындықты жайып салады.
Қылмыскерді қан тобы сәйкес келмегендіктен, ұзақ уақыт ұстай алмай келген. Манжиковтың қан тобы 2-емес, 3-болып шыққан. Сараптама дұрыс жасалмауы себебінен, тағы бірнеше қыз құбһрбан болып, ер адам ауыр жараланды.
Қанішердің үйінде іздестіру жүргізген полиция қызметкерлері ол өлтірген қыздардың заттарын, әшекейлерін тапқан. Қылмыскер тіпті өз құрбандарының әшекейлерін әпкелері мен сүйіктісіне сыйлаған.
Тергей аяқталған соң, Сергей Мажиков кешірім сұрап, жылап жалбарынған көрінеді. Алайда, сот оған қатысты ең қатаң жаза – өлім жазасын тағайындады.