Жезөкшелерді қамшылаған Жан Ахмадиевтің видеосын полиция тексеріп жатыр

/uploads/thumbnail/20180326183537484_small.png

Алматы қалалық ішкі істер департаменті танымал қазақстандық рэпер Жан Ахмадидің жезөкшелерді қамшымен қуалаған видеосын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп  Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша ер адам Сейфуллин даңғылының бойында тұрып, жұмыс істейтін түнгі көбелектерді жазалауды ұйғарған. Сонымен қатар, ол басқа да ер адамдарды өз ісін жалғастыруға шақырды.

Алматы ІІД қызметі зардап шеккен қыздардың арызданып, полицияға келмегенін айтады.  "Осы уақытқа дейін Алматы ішкі істер органдарына осы дерекке қатысты арыз түскен жоқ. Біз видеоны тексеріп жатырмыз", - деді Алматы ІІД баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, желіде Жан Ахмадиевтің жезөкшелікпен айналысатын қазақ қыздарын қамшымен сабаған видеосы пайда болған еді.

Қатысты Мақалалар