Кемероводағы өртке байланысты Ресейде жалпыұлттық Аза тұту күні жарияланды

/uploads/thumbnail/20180327190647644_small.jpg

РФ президенті Владимир Путин Кемероводағы өртке байланысты 28 наурызды қаралы күн деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жайлы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасай отырып.

«2018 жылғы 25 наурызда Кемерово облысының Кемерово қаласында болған өрт салдарынан көп адам қаза тауып, зардап шекті. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса, 2018 жылғы 28 наурызды РФ-да қаралы күн деп жариялансын», - делінген құжатта. Қаралы күнде елдің бүкіл аумағында мемлекеттік ту түсіріледі.

Еске салайық, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінен өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты. Оның 41-і бала еді. Қазірге дейін құрбандардың 25-інің тұлғасы анықталды.

Қатысты Мақалалар