Жеті балдық жер сілкінісі туралы хабарлама шындыққа жанаса ма?

/uploads/thumbnail/20171206104740083_small.jpg

Әлеуметтік желіде «жеті балдық жер сілкіні болады» деген хабарламалар жиі тарап кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз әйел «жиналыста бүгін-ертең жеті балдық жер сілкініс болатыны айтылды» деп халықты сендіруге тырысқан. Өз хабарламасы сенімді болуы үшін аталмыш ақпарды сейсмологияда жұмыс істейтін қызметкердің ағасы айтқанын жеткізеді.

Алайда сейсмология институты мұндай болжамды жоққа шығарды.

 «Біздің институтта ғана емес, тіпті әлем бойынша жер сілкінісі болатыны не болмайтыны жайында болжам жасалмаған. Жеті балдық жер сілкінісін күтуге бола ма жоқ па? Алдағы апта осы мәселе турасында қорытынды шығарамыз. Неге 7 балл? Себебі мұндай қарқын құрылыстың бұзылуына әкеліп соғады. Әрі ол өмірге қауіп төндіреді. Алты балдық жер сілкінісі ғимаратқа зақым тигізбеуі мүмкін. Сондықтан біз тек жоғары болжамдарды айтып үйренгенбіз», - деді ҚР БҒМ Сейсмология институтының өңірлік сейсмикалық зертханасының меңгерушісі Алла Садықова zakon.kz тілшісіне айтқан мәлімдемесінде.

Былтыр Алматы қаласы Сейсмология институтының директоры болған Әнуар Боранбай Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында сейсмологтар жер сілкінісі болады деп нақты ақпар бермейтінін айтқан. Олар тек мүмкін жағдайларды жеткізеді.

Бұған қоса Әбдірахман Күрскеев те ғылымның өзі қандай да бір болжам айтуға рұқсат етпейтінін ескерткен.

Айта кетейік, 26 наурызда Алматыда 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің ошағы Алматыдан 68 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.

Қатысты Мақалалар