Астанада «J1-JASTAR1» жастарға арналған жаңа телевизиялық арнаның тұсауы кесілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.
«J1-Jastar1» телеарнасы — жастардың талаптарына сай заманауи телевизиялық трендтерді тарататын, жастардың жобаларын, ой-пікірлерін қолдауға, сонымен қатар олардың арасындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жаңа форматтағы арна.
Телеарна 2018 жылдың 28 наурызында ID TV платформасында, You tube пен Instagram әлеуметтік желілерінде іске қосылды. Болашақта «Отау ТВ» кабель жүйесі арқылы тарату жоспарланып отыр.