2018 жылғы 1 сәуірден бастап № 31/32 «Павлодар-Алматы» стандарт пойызының жылжымалы құрамы заманауи «Тұлпар-Тальго» вагондарына алмастырылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Жолаушылар тасымалы АО-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Жүрдек пойыз күн сайын Павлодар станциясынан 21:11-де жолға шығып, Алматы вокзалына 23:02-де жетеді. Ал кері бағытпен Алматы-2 вокзалынан 16:12-де шыққан пойыз Павлодарға 17:20-да жетеді.
Жаңа кесте бойынша да жолаушылар пойызы бұрыннан аялдайтын бекеттердің барлығына тоқтайды. Жол жүруге кететін уақыт оның жылдамдығының артуына байланысты 3 сағатқа қысқарды.
Бұдан бөлек, 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Самарқан-Астана Нұрлы жол» бағдарымен № 251/252 халықаралық пойызы жүреді. Пойыз аптада бір рет: Астанадан сейсенбіде, Самарқаннан жексенбі күндері шығады.