Қазақстанның бірнеше облысында қар суының жиналуы және дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК.
29 наурызда Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болжанып отырған жаңбырдан кейін тау өзендері тасуы мүмкін. Сондай-ақ, 29 наурыз - 1 сәуір күндері Алматы облысында және Алматыда болжанып отырған жаңбыр салдарынан су көбейіп, тау өзендері тасуы мүмкін.
29 наурыз - 1 сәуір аралығында Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі, 30 наурызда қатты нөсер жауады және күндізгі температура күрт көтеріледі. Сондай-ақ, Шүлбі су қоймасынан босатылатын су көлемінің ұлғаюы және жергілікті қарғын судың жиналуы есебінен өзен жағасындағы учаскелерді су басуы мүмкін.
31наурыз - 1 сәуір аралығында Қарағанды облысында көктемгі қарғын су әсерінен су деңгейі көтеріледі.
29 наурыз - 1 сәуір аралығында ШҚО-да күннің жылынуына және жауын-шашынға байланысты тау өзендерінің тасуы, су деңгейінің күрт көтерілуі, арналардың бөгелуі себебінен елді мекендерді су басу қаупі бар.