«Қара шаңырақ» сериалында Дәулет рөлін сомдаған актер Әділ Ахметов Baisatars.kz сайтана өз ойымен бөлісті.
Ол өз сөзінде: "Бұл сериал ең бірінші басталған кезде көп актерлер қашқақтады. Өйткені, 100 серия дегенде бәрі шошыды. Қалай 100 серия, қаншама уақыт кетеді, 8 айға дейін кетуі мүмкін ғой деген секілді қорқыныш болды. Бәрі шошыды. Ал, мен керісінше түскім келді. Өйткені, 100 серия деген қайта жақсы деп есептедім. Себебі, біздегі көп сериалдар 10-20 сериядан тұрады. Оған халық бауыр басып үлгере алмай қалады. Шортаң етіп бітіп қалады. Енді 100 серия болғандықтан оған бірте-бірте халық сеніп, өзінің туысындай болып кетеді. Киноның мақсаты халықты сендіре білу, халықты сол сериалмен өмір сүрдіре білу. Солай жақсы-жақсы ойлар тастау. Ең басты мақсат халыққа пікір қалдыру, ой тастау. Соны орындадық деп ойлаймын. 6 ай бойы күн демей, түн демей тер төгіп қызмет еттік. Кинода жылдам, қағлез болуың керек. Дубльдер өте көп болып кететін кездер де болады, сондай кезде түрлі мінездерді өзіңе сіндіре бастайсың, сабырлы бола түсесің. Көп нәрсе үйрендім. Жалпы сериал актер үшін өте көп тәжірибе береді екен." деді.
