Алматы облысында мүгедек бала асылып тұрған жерінен табылды. Жантүршігерлік оқиға Талғар қаласындағы мүгедек балалар үйінде болған. Түнгі кезекке қалған күтуші жылап қоймаған сегіз жасар баланы төсегінде тұншықтырып, артынша жуынатын бөлмеге сүйреп апарып буындырып өлтірген деген күдікке ілініп отыр. Ал, күтушінің қылмысын жасырмақ болды ма, мекеме басшылығы жеткіншектің ата-анасына «жүрегі тоқтап қалды» деген. Алайда жүйке жүйесінің ауытқуымен дүнеге келген баласының көкала қойдай денесін көрген ата-ана бірден полицияға арызданыпты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.