30 наурызға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180126143351902_small.jpg

Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Тек батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ,оңтүстікте дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.

                Жамбыл  облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман күтіледі.  Ақмола, Ақтөбе, Павлодар  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20, Павлодар облысының кей жерлерінде екпіні 23-28  м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел  15-20  м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман болады.  Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Оңтүстік Қазақстан облысында екпіні 23 м/с күшейеді.  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында  жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с күшейеді.

Қатысты Мақалалар