Құқық қорғау органдары мессенджерлерде кәмелетке толмаған қыздардың қатысуымен түсірілген видеоның таралу фактісіне қатысты тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Казинформ»-ға сілтеме беріп.
"WhatsApp мессенджері арқылы таралған видеоролікті Астана қаласының ІІД тексеріп жатыр. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланатын болады",-деді Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев
Оқиғаға қатысты Зағипа Балиева да пікір білдірді. Тексеру жүргізіліп, қыздардың аты-жөні анықталған соң, З.Балиева жеке өзі қыздармен кездесіп, сөйлесетінін жеткізді. Депутаттың айтуынша, баланың мұндай ерсі қылық көрсетуі ата-анасының қараусыздығынан.