Қазгидрометтің хабарлауынша, наурыз айының соңғы күндері еліміздің көптеген облыстарында жауын-шашын, қар болуы мүмкін.
Циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы жоғары жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты, елімізде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашыны жиі болып тұратын тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай аралас жаңбыр, солтүстігінде ылғалды қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болады.