Алматыда «Атамекенге орал, Алаш баласы» атты дөңгелек үстел өтті

/uploads/thumbnail/20180330185105859_small.jpg

Алматыда «Атамекенге орал, Алаш баласы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында шетелдегі қазақтардың жаппай көшуіне кедергі болып отырған көрші елдердегі саяси және әлеуметтік мәселелер талқыланды. Қытайдағы қандастарымыздың қазіргі жай-күйі де айтылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Басқосу барысында «Болашақ» жастар қозғалысы сырттағы қандас бауырларға үндеу жариялап, елге оралуға шақырды. «Азаматтар, атажұртқа қайтатын уақыт болды, көштің басын бұрыңдар», - деді қозғалыс жетекшісі Дәурен Бабамұрат.

алаш

Саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша,  политологияда «Таңдау құқығы» деген бағыт бар. Бұл бағыт бойынша адамдар өз тағдырын өздері шешеді. Шетелде қалып, жат жұртқа жұтылып кете ме, сонда отырып ұлттық құндылығын сақтай ма, әлде тарихи Отанына орала ма – ол әркімнің өз еркінде. «Бірақ біз үшін қайырлысы осы соңғы нұсқа болар еді», - дейді Дос Көшім.

алаш

Ал «Жас қазақ» газеті бас редакторының орынбасары Елдос Өмірзақ сырттағы қазақтарды елге тартудың тиімді амалдарын ойластыруды ұсынды.

алаш

«Әлеуметтік желіде Қытайдан трактормен көшіп келген қандасымыз туралы видео тарады. Сол кісіні неге үлгі етіп көрсетпеске? Кішігірім ролик түсіріп дегендей. Өйткені ол – өз еліне шынайы патриоттық сезіммен, ақ-адал ниетпен келген азамат», - деді журналист.

алаш

Айта кетейік, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Иран, Түркия, Ауғанстан елдерінде миллиондаған этникалық қазақ өмір сүріп жатыр.  Тәуелсіздік алған сәттен бастап қандастарымыз қарқынды түрде елге қайтса, соңғы жылдары атамекенге сырттан келетін қазақтың легі саябырлаған. Статистикаға сүйенсек, шетелдегі қазақтардың 15-18 пайызы ғана Қазақстанға оралған.

Қамшыгер – Ерлан Төлеубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар