Медеуден мотоциклмен түсіп келе жатқан жігіт пен қыз апатқа ұшырады

/uploads/thumbnail/20180331112210149_small.jpg

Медеуден мотоциклмен түсіп келе жатқан жігіт пен қыз жол шетіндегі тосқауылға соқтығып, аударылып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Жол апаты 31 наурызға қараған түнде болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, арқанжол маңында жігіт төменге құлдилаған мотоциклді басқара алмай, металл тосқауылға соғылған. Соққының күшінен жігіт 20-30 метрдей жерге ұшып кеткен.

Апаттан ауыр жарақат алған жастар қалалық ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасының нақты себептерін қылмыстық және жол полициясы қызметкерлері тексеріп жатыр.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар