Құрманғазы Мүсір мен заңгер Дінмұхаммед Артықов 7 жастағы баланың «зорлануына» қатысты Селтановтың қысым көрсетіп жатқаны мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Олардың айтуынша, Сапарәлі Селтанов ауыл ақсақалына қыым көрсеткен көрінеді.
«29 наурызда маған ауыл ақсақалы, біздің алыс туысымыз Нұрман Мережепов хабарласып, Құрманғазы екеумізді кездесуге шақырды. Кездесу барысында ол бізден аталған істі жауып тастауымызды өтінді. Бұл іске ешқандай қатысы жоқ ақсақалдың осындай өтініш жасаудағы себебін сұрағанымда, ол «менің өміріме қауіп төніп тұр» деп жауап берді. Ақсақалдың «ОҚО Криминалды полиция басқармасының басшысы екі ініңді тоқтатпасаң сені түрмеге отырғызамын» деп қорқытқанын айтты. Осылай криминалды полиция басшысы бізді тоқтатсын деп ақсақалға қысым көрсетіп жатыр. Ауыл ақсақалы өзінің отбасына қауіп төніп тұрғандықтан менен істі жабуды сұрап, өтініш жасап отыр», дейді Дінмұхаммед Артықов.
Пікір қалдыру