UFC 223 турнирінде Хабиб Нұрмағамедов (25-0) пен Тони Фергюсон (26-23-3) арасындағы жекпе-жек болмайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі UFC-дің ресми сайтына сілтеме жасап.
7 сәуір күні UFC 223 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпион атағына таласатын Тони мен Хабиб арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Америкалық спортшы жарақатына байланысты төбелесе алмайды. Фергюсонның орнына жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Макс Холлоуэй шығады. Осымен Фергюсон-Нұрмағамедов арасындағы жекпе-жек төртінші рет кейінге шегеріліп отыр.
Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамедов пен Тони Фергюсон арасындағы кездесу 7 сәуір күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтуі керек еді. Спортшылар UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионын анықтауға тиіс болған.