Атырауда 16 жастағы бозбала экстремизмдік көзқарасы үшін айыпталуда деп хабарлайды "Экспресс К".
Бұл жайында тұрғындар алдында есеп берген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді.
Жеткіншектің екі әйелі бар көрінеді. Бәйбішесінің аяғы үшінші балаға ауыр. Дегенмен, екеуі бірге тұрмайды дейді өңір басшысы. Дәстүрлі емес емес исламды ұстанатын күдіктінің мамандығы, жоғары білімі жоқ.
Айта кетсек, бұған дейін облыстық прокуратура өңірде 50-ден астам азаматтың шетелде діни оқу орнын бітіріп келгендігін хабарлаған болатын.
2014 жылы олардың 17-не құқық қорғау органдары тарапынан ескертулер жарияланған. Сонымен қатар, былтыр Ақтөбе облысында 357 оқушы мен студенттің дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінен кеткендігі белгілі болып отыр.