Сауль Альварес өз қанынан табылған допинг сынама үшін Геннадий Голвкинмен болатын жекпе-жектің тоқтатылуын байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
— Мен жекпе-жектің өтпей қалуына байланысты ең алдымен жанкүйерлерімнен, сонымен қатар барлық демеушілерім мен журналистерден, НВО теларнасынан кешірім сұраймын. Маған сенгендеріңіз үшін барлықтарыңызға алғыс білдіре келе Сіздердің үміттеріңізді ақтайтынымды айтқым келеді, - деді Альварес Boxingscene берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды. Алайда 5 мамырда Головкин басқа қарсыласпен кездесетін болды. Оның есімі жақын күндері жарияланады.