ҚР Президент әкімшілігі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

/uploads/thumbnail/20180402171807844_small.jpg

Әлия Рақышева ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Бұған дейін Әлия Рақышева ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

 Айта кетейік, Әлия Рақышева  1980 жылы 1 қаңтарда  Алматыда  дүниеге келген. 2001  жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді. Әр жылдары Әділет министрлігінде, Орталық сайлау комиссиясында жұмыс істеген.

Қатысты Мақалалар