Рухани жаңғыру тарих сабақтарынан басталады

/uploads/thumbnail/20180405212122900_small.jpg

 

«Жас Отан» Жастар қанатының IV Съезінің бірінші күні өткен «Рухани жаңғыру» сессиясы жалғасады. Естеріңізге саламыз, 28-29 наурыз күндері Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті IV Съезі өтті. «Жаңа әлемге жол саламыз» деген ұранмен өткен Съезге еліміздің әр өңірінен келген 600 делегат және 900-ден астам қонақ қатысты. Іс-шараның алғашқы күні «Jas Otan conf» деген атаумен конференция форматында ұйымдастырылды. Онда қатысушылар ғылым, білім, инновация, кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және салауатты ұлт қалыптастыру ісіне қатысты өзекті мәселелер мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру барысын кеңінен талқылады. Сессия аясында жасотандықтар қазіргі жағдайды зерделеп, күрмеуі қиын мәселелердің мәніне назар аударып, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Жас Отан

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде жастардың жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемелмен кездесуі «Рухани жаңғыру» сессиясының жалғасы ретінде өтті. Ол руханият саласында 10 кітап шығарған. Олардың ішінде ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық-көсемсөздік еңбектеріне қоса, «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағаға ие болған.

Жас Отан

Мырзагелді Кемел, жазушы, қоғам қайраткері жастарға айтқан сөзінде:

«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шыққанына 1 жыл болды. Рухани жаңғыру – бздің өзгеруміз, санамыздың өзгеруі, мәдениетіміздің артуы, өмірге, жаңа заманға бейімделуіміз, прагматикалық көзқарастың пайда болуы. Жастарға берер кеңесім – кітап оқу. Қазір интернеттің дамуымен кітаптың түр-түрін табуға болады. Керегін таңдап оқу керек. Интернетті меңгеріңдер, себебі, алдағы 20 жылда білімсіз жастарға жұмыс болмайды. «Жас Отанның» бастамасы – жастармен кездесіп, өз ойыммен бөлісуге, ақыл-кеңесімді беруге арналған пайдалы алаң».

Жас Отан

Кездесуге Съезд спикерлерінің бірі жас археолог, қазақстандық оқу орындарында алғаш PhD дәрежесін алған ғалымдардың бірі Айбар Қасеналин, ҚР Ұлттық Музейінің ғылыми қызметкерлері және елордалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Сондай-ақ, кездесу қонақтары үшін Қазақстан тарихы мен қазақ ұлтының мәдени-тарихи құндылықтарын көрсететін арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Себебі, өз елінің бай тарихы мен мәдениетін жетік білген адам ғана, болашаққа нық сеніммен қадам басып, әлемдегі соңғы өзгерістерге ілесе алады.

Жас Отан

Айбар Касеналин, археолог-ғалым:

«Бүгін жастар рухани азық болатын тұщымды әңгіме ғана тыңдаған жоқ. Кеш соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің тарихи жәдігерлерімен танысып, қазақ елінің бай тарихына сапар шекті. Археолог ретінде өскелең ұрпақтың өз елінің тарихы мен мәдениетімен таныс болуы өте маңызды деп есептеймін. Өткенін білмеген ел, болашаққа нық қадам баса алмасы анық. Барлық жастарды музейге шақырамын».

Қатысты Мақалалар