Шығыс Қазақстандағы «Шығыс Ақпарат» АҚ басшылығына Серік Жеңісов тағайындалды

/uploads/thumbnail/20180409170532617_small.jpg

Шығыс Қазақстандағы баспасөздің қара шаңырағының бірі - "Шығыс Ақпарат" АҚ басқарма төрағасы болып Серік Жеңісов  тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жеңісов Серік Жеңісұлы – бұған дейін ШҚО Ішкі саясат басқармасының басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кететін болсақ облыстағы іргелі басылымның мешік иесін бұған дейін Якунина басқарған. «Шығыс ақпа­рат» атты ком­муналдық мемлекеттік мекеме 2008 жылы құрылған. Оған «Дидар» және «Руд­ный Алтай» қарайды. 

Жарық көріп келе жатқанына 87 жыл толатын, қазіргі күнде күн сайын шығып тұратын "Дидар" газетінде қазақ әдебиетінде аттары алтын әріппен жазылған Оралхан Бөкеевтан бастап Шерияздан Елеукенов, Жұма­ғали Ыс­мағұлов, Ғаб­бас Қабы­шев, Қапан Қам­баров, Жүніс Ыбы­раев, Кә­дірбек Сегізбаев, Ке­ңес Юсу­пов, Әтина Жәке­това, Тоқтархан Шә­ріп­жанов, Уахап Қыдырханов, Тоқ­тарбек Қызықбаев, Дидахмет Әшім­­­ханов, Ұлықбек Есдәу­летов, Серік Ғабдул­лин, Мү­сі­лім Құ­марбеков, Мұ­рат Әміренов, Оңдасын Елубай, Қайырды Назыр­баев, Әлібек Қаң­тарбаев, Ғалым Байба­тыровтар еңбек еткен.

Қатысты Мақалалар