Астаналық полиция қызметкерлері автобус аялдамасында ер адамды соққыға жыққан күдіктіні ұстады. Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жедел іздестіру шаралары барысында 30 жастағы күдікті анықталып, бірден ұсталды. Оған қатысты тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.
Бұған қоса, зардап шегушіге қатысты шаралар қарастырылуда.
Айта кетейік, аялдамадағы ересек адамды белгісіз біреу соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде таралды. Алайда, оқиғаға қатысты полицияға арыз түспеген.