Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180401103009406_small.jpg

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінің кейбір аймақтарында не жауын не қар жаңбыр жаумайды. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте күн күркірейді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет  мәліметіне сүйене отырып.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына — 25 метр.

Қызылордада, Алматы облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей бөліктерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, таң ата және күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамықпен ұйтқиды.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 1 радус үсік жүреді.

Қатысты Мақалалар