Нью-Йорктегі Trump World Tower тұрғын үй кешенінің бұрынғы күзетшісі Дино Саджудин журналистерге АҚШ президенті Дональд Трамптың заңсыз баласы бар екенін айтты. Бұл жайында New York Post газеті хабарлады.
Басылымға сәйкес, бұл ақпаратты жариялауға келісім берген американдық «National Enquirer» журналы Саджудинге 30 мың доллар төлеген, бірақ басылымда мақала жарияланған жоқ.
Келісімге сәйкес, атаған ақпаратты басқа біреуге берсе немесе мәміле туралы айтатын болса, Саджудин миллион доллар төлеуге мәжбүр болады.
— Мен бүгін оянған кезде Президент Трамқа қатысты келісім шарт басылымдарда жарияланғаны туралы естідім, - дейді Саджудин.
— Мен Trump World Tower-де жұмыс істеген кезде маған президенттің өткенін сөз етпеу туралы тапсырма берілді, - деп мәлімдеді New York World басылымына Саджужин.
Ал бұл істе есімі аталатын әйел өзінің АҚШ Президенті Дональд Трамппен қарым-қатынаста болғанын жоққа шығарып отыр.
Пікір қалдыру