АҚШ-та орналасқан Йеллоустоун секілді жанартаулардың атқылауы 5 минут ішінде Жер шарының жартысын тіршілікке жарамсыз ете алады. Бұл жайында Клермон-Овернь университетінің мамандары мәлімдеді.
Сарапшылар мұздықтардың еруі мен ғаламшар температурасының көтерілуі алдағы онжылдықта осы уақытқа дейін еленбей келе жатқан жанартаулардың атқылауына әкеледі. Мамандардың айтуынша, арктикалық мұздардың еруіне адамдар өздері кінәлі.
Климаттың тұрақсыздығы Канададағы Миджер жанартауына әсер етуі мүмкін. Ол осы уақытқа дейін белсенділігі төмен деп саналып келген. Миджер жанартауы соңғы рет екі жарым мың жыл бұрын атқылаған.
Пікір қалдыру