АҚШ президенті Дональд Трамп Cирияға шабуыл жасауға бұйрық берді. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Трамп Дума қаласындағы химиялық шабуылға жауап ретінде Сирияға нақты әуе соққыларын жасауға бұйрық берді. «Бірнеше уақыт бұрын мен сириялық диктатор Башар Асадтың химиялық қаруына байланысты АҚШ-тың әуе күштеріне нысаналарды дәл көздеп, әуеден соққы жасауға бұйрық бердім», – дейді Ақ үй басшысы. Оның айтуынша, сириялық билікке қарсы әскери қимылдарға Ұлыбритания мен Франция да қосылған.
Пікір қалдыру