Ауғанстанда экспедиция мүшелері Совет армиясының бұрынғы әскери сарбазын тауып алған. Осыдан 30 жыл бұрын Украина азаматы Игорь Белоруков Кандагардағы қызметі кезінде құлдыққа түсіп, сол уақыттан бері із-түссіз жоғалған де есептеліп кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТСН-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Біраз уақыт бойы ер адам құлдықта болған. Аман қалуы үшін ол исламды қабылдап, есімін Амриддинге ауыстырған.
Осы уақыт аралығында Игорь өзінің туған тілін ұмытып қалған екен. Сондықтан экспедиция мүшелері онымен тілші арқылы сөйлескен. Бұрынғы әскери сарбаз туралы Волын қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагердерлері кеңесіне хабарлаған.
Игорьдың анасы ұлын 20 жыл бойы іздестірген екен. Үміті үзілген әйел баласына зиратта ескерткіш орнатқан.
Ауғанстан соғысы ардагерлер кеңесі әйелге ұлын бір айдан кейін көре алатынын хабарлаған.
Пікір қалдыру