Мәскеуде оқып жатқан қазақ қызы ғимараттың төртінші қабатынан құлап, зардап шекті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Московский комсомолец сайтына сілтеме жасап. 21 жастағы бойжеткен – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-курс студенті.
Бейресми ақпараттарға сүйенсек, қыз бала дағыстандық жігітпен кездесіп жүріпті. Олар түскі үзіліс кезінде әңгімелесіп тұрған уақытта араларында жанжал шығып, жігіт қызды терезеден итеріп жіберген. Абырой болғанда қыздың құлаған жері топырақ болып, аман қалды.
Бойжеткен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз бас жарақатын алып, сүйектері сынған.
Жергілікті полиция өкілдері осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.