Қостанайда Қайырбеков көшесіндегі автобус аялдамасының жанында жеңіл автокөлік өртке оранды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— 14 сәуірде сағат 13:08-де Қайырбеков көшесінде автокөліктің жанып жатқаны туралы хабар түсті. 1993 жылы шыққан «Фольксваген-Гольф 3» маркалы автокөлік толықтай өртеніп кетті. Өрт ауқымы 5 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Куәгерлердің айтуынша, көлік санаулы минутта жанып кеткен. Өрттің себептері анықталуда.