«Қазгидромет» РМК 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын сақталады, тұман түсіп, екпінді жел, батыста шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Қарағанды облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде тұман түседі деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.