Головкин мен Альварестің кездесетін уақыты белгілі болды

/uploads/thumbnail/20180419122724282_small.jpg

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер допинг қолданғаны үшін жарты жылға бокстан шеттетілген мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен екінші кездесудің қашан өтетінін айтты. Бұл туралы vesti.kz жазды. 

Промоутердің айтуынша, екінші жекпе-жек мексикалықтың жаза мерзімі аяқталған соң ұйымдастырылады екен. 

«Алдымен біз Головкиннің 5 мамырдағы кездесуін өткізіп алайық. Содан соң Golden Boy Promotions компаниясымен келіссөз бастап, жекпе-жекті қыркүйек айына ұйымдастырамыз. Бұл кездесуді әлі де жанкүйерлер асыға күтіп отыр», - деді Леффлер. 

Еске сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы кездесу 5 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ Альварестің  қанынан допинг табылып, тамыз айына дейін шеттетілді. Енді «Канелоның» орнына отандасымыздың қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болады. Жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуді отандасымыз WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін қорғайды. 

Қатысты Мақалалар