Қырғызстан президенті үкіметке сенімсіздік білдіріп, оны отставкаға жіберу туралы құжатқа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
19 сәуірде Сооронбай Жээнбеков "Қырғызстан Республикасының үкіметін отставкаға жіберу" туралы құжатқа қол қойған, сенімсіздік білдіруді 105 депутат қолдады.
Үкіметке сенімсіздік білдіру туралы қаулы жалпы депутаттар санының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда қабылданады.
Үкіметке сенімсіздік білдірілген соң президент үкіметті отставкаға жіберуге немесе парламент шешімімен келіспеуге еркі бар.
Егер парламент үш ай ішінде үкіметке екінші қайтара сенімсіздік білдірсе, онда президент үкіметті отставкаға жібереді.