Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20180409143302331_small.jpg

Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің үш облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік батыс бағытында жылдамдығы 23-28 м/с жел тұрады. Осыған байланысты мұз қабатының күрт бұзылуы, Есіл, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласы аумағы бойынша су деңгейінің күрт көтерілуі күтілуде.

Петропавл қаласы маңындағы судың қауіпті деңгейі — 940 см (судың алқапқа шығуы) Қостанай облысында кей жерлерге тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с.

20-22 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстіктен 15-20 м/с жел, шаңды дауыл күтіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар