"Қазақ хандығына 550 жыл". Зиялылар не дейді?

/uploads/thumbnail/20170708170130578_small.png

«Қазақ елі-550 жыл» шығармашылық бәйгесіне

   «...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белсенді кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр».

Н.Назарбаев

Елбасының «2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаймыз» деген тарихи сөзін ел жылы қабылдады. Тарихи орындар мен тарихшылар өре түрегеліп, бұл бастамаға өз қолдауларын жеткізді. Түрлі мақалалар мен пікірлер тарихшылар арасында желдей есті. Ұйықтап жатқан тарихи дастандарға жан бітіп, зиялы тұлғалардың есімдері жиі естілетін болды. Осындай бастаманың тарихи ісін қолға алып игі бастама бастаған Елбасының есті сөзі тарихшыларға дем беріп, қанаттандырғаны тағы бар. Сондықтан ел зиялыларынан бұл туралы пікірлерін сұрап, мамандардың бағасын білуге тырыстық. Тарихшылар бұл ойға өз пікірлерін айтса, зиялылар Елбасының бастамасына деген оң пікірлерін төмендегідей өрген болатын.

Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы,  Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінің профессоры:

«Қазақ»  деген атаумен тарихқа шыққан қазақ халқының құрылған кезінде шыққан атауға байланысты 465 жылды алып отыр. Шындығында қазақ мемлекеті деген ұғым бар, және қазақ мемлекеттігі деген ұғым бар.  Қазақ мемлекеті атайтын жері біріншіден, оның тұтас териториясы болуы керек. Сол територияда белгілі бір халық тұруы керек. Осы тұрғыдан алсақ қазақ территориясы тек қана 465 жылдардағы аумақты мекендеген халықтың арғы тарихын алатын болсақ сақтардың, ғұндардың заманынан бастап одан кейін XI ғасырдағы түрік қағанатынан бастаған аумақтардың барлығы қазақтың жері. Сол этностардың ішінен «қазақ»  деген атаумен белгілі болды. Тарихы бір, мәдениеті бір, арманы мен  тілі бір териториясы бір жерді мекендеген қазақтың арғы ата бабасы деп қарайтын болсақ, онда бізде берісінен қарағанда VI ғасырдан бастау керек. Кешегі батыс түрік қағанатының териториясы бұл қазақ мемлекетінің алғашқы қалыптасу кезеңі. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, әсіресе тәуелсіздікпен қатар туған жас өрендер үшін немесе сонау 85 жылғы туған жас ұрпақ үшін керек. Өйткені оның алдындағы ұрпақ қазақ мемлекетінің болғандығын біледі. Батырлар жырын оқып өскен ұрпақтың санасында қазақ мемлекетінің болғандығы туралы мағұлмат бар. Ал 80-ші жылдың ортасында туған ұрпақта мұндай мағұлмат жоқ. Біздің мемлекеттігіміздің тарихын тереңнен білу үшін «қазақ» деген атаудың пайда болған кезінен бастап, тойлағанымыздың өзі не үшін керек? Біздің елдігімізді көрсету үшін, жерімізді қорғайтын ұрпақты тәрбиелеу үшін, дүниежүзілік өркениеттен алатын біздің орнымызды көрсету керек. Дүниежүзілік аренада «қазақ» деген халықтың субьектілік танылғандығын білдіру керек. Тұлғалар арқылы тарихты таныту керек. Тарихтың қозғаушы күші халық  болғанмен, тарихтың дөңгелегін алға жылжытатын тарихи  тұлғалардың пендешілігін емес, жасампаздығын, басқарушылығын зерттей отырып бүгінгі ұрпаққа түсіндіру керек. Сондықтан да қазақ хандығы деген сөзді қазақ мемлекеті мәңгілік ел. Қазақ халқының 550 жылдығы дегеніміз қазақ мемлекетінің құрылуының жаңа классикалық дәуірі. Оған дейін, қалыптасу, есею, даму, гүлдену кезеңі болды. Тәуелсіз Қазақстан деген мемлекет сол классикалық дәуірден кейінгі құлдырап, мың өліп, мың тірілген мемлекетті қайтадан жаңа сатыда, жаңа сапада, жаңа дәуірде қалпына келтірді.

Сұлтан Оразалин, ҚР-на еңбек сіңген мәдениет қайраткері, жазушы, әрі сыншы:

Ал Елбасының 550 жылдығын тойлаймыз деп тарихты қозғауын дұрыс деп есептеймін. Біз алдағы жылдары қазақ хандығының 550 жылдығын тойлайтын болсақ, бұл да біздің үлкен белесіміз болып саналады. Қазір дүние жүзінің көптеген елдерінде мұрағаттарында жатқан  қазақ тарихына байланысты деректерді  әкеліп, ғылыми айналысқа түсіріп жатыр. Ол бір ғана ұрпақтың шаруасы емес, бірнеше ұрпақ қызмет ететін табанды түрде үнемі істелетін іс. Сол себепті мемлекет тарапынан бұл іске қозғау салынды.  Мемлекет басшысының өзі араласты. Бұл үлкен саяси шешім. Ал, аталған саяси шешімнен кейін ғұламаларымыз басқа да ірілі ұсақты қайраткерлеріміз, баспасөзіміз барлығы да осыған ат салысатын болса үлкен дүниелер жасалып жатса көркем шығармалар туылып жатса, ғылыми зерттеулер болып жатса  міне,сол бүкіл халықтың санасына жетер еді деп ойлаймын. Сондықтан, менің ұғымымда дәл уақытында басталған  шаруа деп ойлаймын. Үнемі алға қарау керек. Біз өте үлкен мемлекетпіз. Сол үшін біз арттағы кемшіліктерді ғана тере бермей, алға ұмтылып, алда жасалар жұмысымызды тиянақты жасай алатын болсақ көп жерге дейін баратын қуаты күшті, болашағы зор халқының да жерінің де ынтымағы жарасқан ірі мемлекет бола аламыз.

Әшірбек Сығайтеатр сыншысы, аудармашы, педагог, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері(25 қазан 2014 ж.):

Енді ел болып, енді бас құрап жатырмыз басқа да мәселелеріміз шат етектен болды. Бірақ, қазақ хандығының бір тойланатынына мен өзім имандай сеніп жүрген адаммын. Қай патша қай биліктің тұсында болмасын бәрібір ұрпақ қайырылып бір соғатынына мен өзім сендім. Бұл менің сәуегейлік сөзім емес, шын сөзім. Өйткені, мемлекеті болмаған оның ірге тасы болмаған қандай ел болады ол? Сондықтан, хандық деген бұл қазақ мемлекетінің ірге тасының дамуына үлкен әсер еткен бір мемлекеттік институт. Саяси институт. Елбасының өзі бас болып, ештен кеш жақсы деп, 550 жылдығын тойлайық деген заманда шұғылш кірісіп кетуіміз керек. Қандай азамат қолынан не келеді, соған тигізетін қандай әсері бар соған көшуіміз керек. Біз мемлекетіміздің Отанымыздың іргетасының қаланғанына 550 жыл деген сөздің өзі не тұрады? Сол үшін мұнымен ұрпақ тәрбиелейміз. Басқа елдерге көрсететін айбатымыз, айбынымыз. Қазақ мемлекеті пәленінші ғасырда құрылған екен деген сөзге тарихи дәлелденген нәрсе. Бізге дейінде жазылған, айтылған, оқылған, ғашық болған, ажырасқан, жауласқан, соғысқан. Қай нәрседе де бізге дейін бәрі болған. Сондықтан, болған нәрселерді болды деп айтуға неге біз жүрексінеміз? Сол себепті бұл қазақ мемлекетінің мерей тойы  бүкіл қазақ баласының ғана емес, прогресивті ойлайтын оң өзгерістерге бүйрегі бұратын әрбір адамға жылы әсер етуі керек деп есептеймін. Қазақ халқын дос санайтын, кез келген ұлт өкілі оған білегін сылап кірісу керек.

Қойлыбай Асанов, Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Қазақ халқының тарихы соқпақты, соқтықпалы болғанын білеміз. Қазақ халқын мың өліп, мың тірілген деп жатады. Қазақ хандығының 550 жыл толуын атап өту туралы Елбасының ұсынысы Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы, рухани кеңістігіндегі үлкен бір елеулі дүние деп бағалауға болады. Қазақ халқының тарихы бар, қазақ мемлекетінің тарихы бар ғой. Осыдан 550 жыл бұрын қазақ хандығы құрылып, оны Керей Жәнібек хандарының бастауымен құрылғандығын тарихтан, әдебиеттен аңыз әңгімелерден білеміз. Қазақ халқының тағдырлы тарихы 550 жылдықпен шектелмейтіні және белгілі. Жеке хандық болып құрылып, Орта Азияда түркі халықтарының ортасында  жеке өзінің еншісін алып, қазақ хандығының құрылуы ол да үлкен тарихи оқиға. Қазіргі кезде бүкіл БАҚ болсын қоғамдық пікірлердің арасында естіліп жатады. Қазақ халқының өзінің мемлекеті болмаған, шекарасы, Астанасы  болмаған деген секілді сөздерге нағыз тарихи жауап деп ойлаймын.  Өйткені, осыншама ұланғайыр аспанның асты жердің үстін мекендеген  адамзат тарихында «Қазақия» елі «Қазақия» мемлекеті жер көлемі жағынан 9-шы орында тұруының өзі көп сырды аңғартса керек. Көп дүиеге бармай-ақ  қазақ халқының ежелден жауынгер, батыр, дана, болғандығын тануға болады. Қазақ мемлекетінің 550 жылдығында ең бірінші атап айтатын Қасым және Жәнібектер бастаған ұлы мұратты өзінің діттеген мақсатына жеткізген ол – Абылай хан. Бүгінде тәуелсіздікке азаттыққа жеткізген алаш халқына Алланың мейрімі түскен күн деп бағалаймын. Кешегі Абылай оның ісін жалғастырған Кенерасы Наурызбайлардың да еңбегін, ерлігін елі мен жері үшін осы қазақ сахарасында жорыққан қазақ хандығын сақтап қалу жолындағы еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Сол мұрат араға ғасыр салмай-ақ тәуелсіздікпен жалғасты. Кешегі алаш зиялыларының көзін көрген біздің зиялы қайым оларды ұмытқан жоқ. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның баянды бақытты болашағы алаш зиялыларының асыл арманының үміт қуатымен жанданып жасампаз болып келе жатыр деп айтуға болады. Әрине өткенге ешқашанда топырақ шашуға болмайды. Барлығы да тәуелсіз алаш елінің аспанында аяқ астынан бола қалды деу дұрыс емес, олардың барлығы да ғасырлар қойнауында жатқан кешегі ата-бабаларымыздың асыл мұраты аңсары осының барлығы үзбей сабақтасып отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің санасына, жас ұрпақтың жүрегіне сіңіп дарыған қасиет деп ойлаймын. Сондықтан да қазақ мемлекетінің 550 жылдығын ресми түрде атап өту біздің іргеміздің беки түсуіне бақытты, баянды ынтымағымыздың одан әрі өркендай түсуіне үлкен себепкер болады. Шын мәнінде бүгінгі ұрпақ өзінің қандай елде, қандай жерде туып өскендігін, өз ата-бабалары қандай дәрежеде болғандығын түйсініп өсуі  шарт. Қазақ хандығының 550 жылдығын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздіктің кемел шағында айтқан жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағыттаған келелі ұсынысы деп қабылдаймын.

Ерлан Төлеутай, өнертанушы, кинодраматург:

Тарихи мерекені тойлау, өте маңызды мерекелердің бірі деп ойлаймын. Бұл біздің көптен күткен қуанышымыз. Қазақ хандығын тойлау сияқты үлкен бастама бұрын-соңды көтеріліп көрген жоқ. Бұл Елбасының соңғы жылдардағы жасаған ізгілікті ісі болды деп айтуға болады. Жақсында осы Ұлытау жеріне барып үлкен фильм түсірдік. Елбасы өзі айтқандай Қазақстан тарихы  сондау ғұндардан басталады деп. Расымен де, сонау ғұн заманының іздері, одан арғы заманның іздері Ұлытауда сайрап жатыр. Біз шынында да көшпелілердің көне тарихының барлық жолдары Ұлытауға баратынын байқаймыз. Сондықтан Елбасының тарихи оқиғаны көтеруі қалың бұқараның санасын оятты. Көршілер елдегілер кейде көз алартады ғой. Қазақ мал баққан ел, мемлекеті болмаған ел»  деп. Соларға тойтарыс берді деп ойлаймын. Осындай бастамадан кейін қаншама тарихшыларға қанат бітіп, қаншама зерттеулер жасалып жатыр. Өйткені, тарихын зерттемейтін, дәріптемейтін мемлекет болмайды. Елбасының нақтылы осы дүниеге толғаны халыққа үлкен бір импулс береді. Тарих саласында жүрген жандардың ісін алға басуына себеп болып қанаттандырады.

550 жылдығы маған бұрын басталған болып көрінеді. Мәдени мұра бағдарламасының жалғасы іспетті. Елбасы осы мерекенің маңыздылығын айтып дәл кезінде көтерілген бастама деп ойлаймын. Сондықтан, бұл мереке кең көлемде ең үлкен масштабта аталса екен деген көңіліміз бар.

Экономикалық қиындықтарда той жасау оңай емес. Бұл мереке тек ішіп жейтін той болмаса екен. Қазақ санасын оятатын, қазаққа бір рух сыйлайтын мереке болса екен деп ойлаймыз. Осының негізінде ағартушылық бағыттағы фильмдер түсірілсе, тарихи кітаптар жазылса, радио, теле хабарлар ұйымдастырылса, баспасөз деректері үлкен деректе ақпарат таратып отырса, жалпы бұқараға арналған той болса деген ниет бар. Бұл той халыққа жету керек. Бұл той тек Астана маңызда ғана қалып қоймай, Ұлы той қалың бұқараның қуанышына айналу керек. Астанадан бастап, әр ауылдағы қыстаққа дейінгі біздің халық сезіну керек. Қазақ хандығына, ұлы мемлекет болғанымызға  550 жыл болды деп барлық қазақтың кеудесін, әсіресе жастардың патриоттық мақтаныш кернесе нағыз тойдың діттеген мақсатына жетті деген сөз.

Біреулерге 550 жылдық той аз болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде бұл үлкен ұлы тарих. Ресейдің де мемлекеттік тарихы 100 жылдан кейін басталады. Романовтардың билікке келуі. Ресейдің біртұтас мемлекет болуы. Оған дейін олар княздық болды. Ал қазақ олардан бұрын пайда болды. Әрине, қазақ хандығының алдында біздерде бірнеше мемлекет болды. Ұлы көктүріктер империясының болғаны, Ғұндар мен қарлықтар дәуірі, оғы, қыпшақ дәуірі мұның бірі мемлекет болып естептеледі. Бұл мемлекеттердің өз орны болды. Сол ұлы бабаларымыздың орнатқан мемлекеттері жер бетінде сайрап жатыр.  Әрине, қазақ хандығы соқтықпалы, соқпалы жол кешті. Құлаған кезі мен бодандыққа түскен кезі болды. Бірақ, міне Тәңірдің көзі түсу болып біз тәуелсіздік алдық. Сол тәуелсіздік бізді ұлы мақсаттар мен армандарға жетелеп отыр. Соның бірі – Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбаты. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаймыз деген дуалы сөзі бүкіл халықтың жүрегінде үлкен  үміт ұялатты.

Дария Сағындыққызы

demeu2

Қатысты Мақалалар