Фейсбуктағы 30-дан асқан қыз-жігіттердің "суреткерлігіне" орай ойлар: * Мен де өзімді қатты жақсы көрем. Бірақ суретімді қойып алып, лайк күтіп отырғым келмейді. Өйткені менің рожам - өзімнің ғана рожам. * Менің де балапандарым бар. Бірақ оларды сырт көздің сұғынан сақтағым келеді. * Мен де танымал адамдармен суретке түсемін. Өзім үшін ғана. * Мен де әйелімді жақсы көремін. Мендей "жындыға" көніп жүргені үшін, балаларымды өмірге әкелгені үшін. Сырт көз үшін емес, өзімнің өмір
ім үшін жақсы көремін. * Мен де "жұмысты қатты істеймін". Өзім үшін. Сырт көзге шаруақор болып көрінгім келмейді. * Сурет деген жақсы. Бірақ ой одан да жақсы.(Есей Жеңісұлының фейсбуктегі парақшасынан)