Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Жезқазған өңіріне барды

/uploads/thumbnail/20180425131628382_small.jpg

Қазақстан Республикасы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жезқазған өңіріне барды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапарын Қарағанды облысы Сәтбаев қаласынан бастаған Үкімет басшысы қалада жаңадан салынып жатқан «Нұрлы мекен» ықшам ауданында болды. «Нұрлы мекен» шағын ауданына Жезқазған қаласының апатты үйлерінің тұрғындары және мыс кен орындарын қайта өңдеу кезінде құлаған аудан аймағындағы көрші елді мекен адамдары көшіріледі. Олар Жезқазған, Сәтбаев және Ұлытау өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012–2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жаңа пәтерлерге ие болады.

Үкімет басшысы

Сонымен қоса, Б. Сағынтаев Сәтбаев қаласындағы «Ханум» макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорынды аралау барысында өңірде ШОБ дамыту қарқынымен, сондай-ақ Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысымен танысты.

Артынша ат басын Жезқазғанға бұрған Үкімет басшысы «КаzakhmysSmelting» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытында болды, онда екінші кен қыздыру пешін реконструкциялау барысымен танысты.

Бақытжан Сағынтаев нысанда катодты мыс өндірісінің технологиялық үдерісін, айналмалы құю машинасы мен анодты мыс құю жұмысын тексерді. Жезқазған мыс қорыту зауыты іске қосылған кезден бері жер қойнауынан 1 млрд тоннадан астам кен өндірілді. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 30,7 мың тонна тазартылған мыс өндірілді.

Үкімет басшысы Жезқазғанда

Кәсіпорынның бас директоры Ә. Бәрменқұлов дайын өнімдер қоймасын көрсетіп, Жезқазған мыс қорыту зауытын технологиялық жаңғырту жоспарларымен таныстырды.

Жезқазған мыс қорыту зауытының қуаттылығы жаңа күкірт қышқылды цех құрылысы аяқталған соң, екі кен қыздыру балқыту пештерінің (КҚП) жұмысы есебінен ұлғайтылады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2009 жылы қолжетімді шикізат көлемінің азаюына байланысты зауыт бір КҚП жұмыс режиміне көшіп, екінші балқыту агрегатының жұмысы тоқтатылған еді. Ақтоғай және Бозшакөл кен байыту фабрикаларының жоспарлы іске қосылуы аясында құрамында мыс бар шикізат көлемінің ұлғаюына байланысты екінші КҚП іске қосу туралы шешім қабылданды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Ә. Бәрменқұловтың айтуынша, зауыт өз қуаттылығын жартылай пайдаланып жұмыс істеу арқылы жылына 100 мың тонна мыс өндірген. Екінші пештің іске қосылуымен өнім көлемі екі есеге артады. Бұл мыс өндірісінің әлемдік нарығындағы компанияның бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтуға жол ашады. 600-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік бюджетке салынатын аударымдар жүздеген миллион теңгеге өседі.

Жезқазғанға сапары барысында Б. Сағынтаев «Баян» компаниясы мен «Қазақмыс» корпорациясының Медициналық орталығында да болып, жұмыс барысымен танысты.

Қатысты Мақалалар