«Алтын Жүрек» жобасына қатысушыларды ресми тіркеу басталды

/uploads/thumbnail/20180425132421326_small.jpg

«Алтын Жүрек» – сыйлығын Қазақстандағы ең қайырымды марапат деп атауға болады. Өзгеге мейірбандылықпен қарап, қол ұшын бере білетін атымтай жандырды марапаттайтын сыйлық 2007 жылы дүниеге келді. «Baurzhan Foundation»қайырымдылық қорының ұйымдаструымен жанданған бұл жоба жыл санап өз мәртебесі мен деңгейін жоғалтпай келеді. Осы жылдар ішінде «Алтын жүрек» - қайырымдылықтың нышаны іспеттес, қазақ халқының мейірімді әрі атымтай жомарт жандарға бай екенін байқатып келеді. Жыл бойы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздеп келеді.Биыл жылдағы үрдісті жалғастырып «Алтын жүрек» сыйлығы өзінің12-ші жылғы жұмысын бастамақ.    

Сыйлық иегерлері ішінде атақты спортшы Жақсылық Үшкемпіров, қоғам қайраткері Аружан Саин, «Клуб добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гульмира Абдрашева,  Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттырықтырушысы  Даулет Турлыханов, меценат кәсіпкер Сергей Спицын, Бауыржан Оспанов,  Біржан Кужаков,  "Алматы марафон" және басқалар атанды.

Көптеген жылдар бойы жүрегі алтын жандарды іздеумен айналысып келе жатқан Сыйлық ұйымдастыраушылары«Baurzhan Foundation» қоры «Лайықты жандарды марапаттау керек – олар өзгелерге үлгі бола алады» - дейді. Сол себепті 12 жыл «Алтын Жүрек» үміткерлерді тіркеуді уақытынан ертерек бастамақ, сонымен қатар жаңа 12-ші Номинацияны жарияламақ.  

Осыған байланысты 18 сәуір күні сағат 11.00-де ХІІ Қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығының басталуына арналған пресс-конференция өтті.

Еліміздегі ерекше сыйлық «Алтын жүрекке» қатысушыларды ресми түрде тіркеу басталды. Қазақстандықтар ең қайырымды деген жандарды қыркүйектің ортасына дейін анықтай алады. Айта кетерлігі, биылғы марапаттың бірнеше жаңашылдығы бар. Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқан жанға берілетін 12-ші  номинация қосылған. Лайықты деген жандарды марапаттау үшін ұйымдастырушылар, биыл үміткерлерді тіркеуді ерте бастамақ. Сондай-ақ  қатысушыларды онлайн режимде тіркеуге болады. Жеңімпаздардың есімі дәстүр бойынша қазан айының аяғында жарияланады. Финалистерді іріктеу 3 кезеңмен жүреді.

«Бұл премияның қажеттілігі және маңызы өте зор деп есептеймін. Себебі, қайырымды істерді көрсету, қандай да бір әлеуметтік мәселе болса немесе шешілмеген сұрақ болса соны бірлесіп қана шешуге болады. Және сондай қайырымды адамдарды біз көрсете білуіміз керек», - деді "Алтын Жүрек" сыйлығының бас үйлестірушісі Эльмира Қыдырмоллаева.

Спикерлер қатарында: политолог, мемлекет және қоғам қайраткері Айдос Сарым, "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымының орынбасары Асхат Сүлейменов, Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры, география ғылымдарының кандидаты Айжан Скакова, «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясының 2017 жылғы лауреаты Расима Темірбаева, «Петро Казахстан» компаниясының стратегиялық коммуникациялары бойынша менеджеры Айнаш Тлеубаева, жоба үйлестірушісі Эльмира Кыдырмоллаева болды. 

Ұйымдастырушылар 2018 жылғы «Алтын Жүрек» жобасының ерекшеліктері мен жаңалықтары туралы талқылап, қайырымдылық іс-шараларына байланысты статистика мен ақпарат берді және 18 сәуірде басталып 15 қыркүйекке дейін жалғасатын тіркеудің басталуы туралы ресми түрде жариялады.

Жылсайынғы «Алтын Жүрек» сыйлығы «Baurzhan Foundation»  қорымен  2007 жылы меценаттылықпен қайырымдылықты дамыту мақсатында дүниеге келді. Әр жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен www.altynzhurek.kz ресми сайтына 300-ден астам өтініштер келіп түседі.  12 жыл ішінде 124 қайырымды жан «Алтын жүрек» атағын алды.  Өтініштерді  қарастыру үшін сарапшылық және қоғамдық кеңес құрылады, оның құрамына қоғамдық ұйымдар жетекшіліері, ҚР қоғам және мәдениет қайраткерлері кіреді. 

Қатысты Мақалалар